Мектебім- алтын ұям
1977 жылы Маңғыстау ауданы Ильич
совхозы мен Қарақия ауданына қарасты Ералиев совхозының арасынан енші беріліп, Қарақұдық совхозы құрылды.
Сол жылы Қарақұдық елді мекенінің ірге тасы қаланып, Бостан әкімшілігі өз жұмысын
бастаған болатын. Жаңа типті салынған ауыл орталығынан ауыл балалары мен малшы
балалары үшін 1979 жылы 8 жылдық мектеп пен
мектеп интернаты ашылып, алғашқы шәкірттерін қабылдады. Мектеп басшысы Қален
Рсалиев, оқу ісі меңгерушісі Бәшіғұлов Али, интернат меңгерушісі Т. Бесімбайұлы
біріге отырып алғашқы мектеп оқушыларын қабылдап, жұмысын жүргізді. Қален
Рсалиев 1979/1981 оқу жылдарында мектепті басқарса, 1981/1985 оқу жылдарында 8
жылдық мектепті Шәрелхан Әленов басқарды. 1985 жылдан 2014 жылға дейін
Темірбай Бесімбайұлы мектеп өміріндегі реформаларды жүйелі іске асыра отырып
басқарды. Мектеп 1986/1987 оқу жылында Қарақұдық сегіз
жылдық мектебі жалпы білім беретін «Қарақұдық орта мектебі» мемлекеттік
мекемесі болып құрылды және жаңа типті мектепте өз жұмысын жалғастырды.
Елімізде жасалған білім саласындағы 6 жастан мектепке қабылдау жолға қойылды.
Жаңа реформа бойынша 25 баланы қабылдап, 6 жастан оқытып білім беруді бастауыш
сынып мұғалімі Жәния Бесінбаева бастады, тәрбиеші болып оқушылармен Гүлзира Тәкенова
жұмыс жасады. Ұзақ жылғы тарихы бар Қарақұдық орта мектебі білім саласындағы жаңа
реформалардан қалмай үздіксіз жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берумен
келеді. Мектептен 1 «Күміс», 5 «Алтын белгі» иегерлері, 12 «Үздік аттестат», 20
«Үздік куәлік» шығып мектеп абыройын асқақтатты. Мектеп заман талабына сай жасақталып,
ақпаратты- технологиялармен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылды. Мұғалімдер
жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру мақсатында жұмыстар
жүргізуде. Ақпаратты-технологиялармен жұмыс жасауды жолға қою мақсатында мектеп
мұғалімдері біліктілік курстарына қатыстырылды. Ақпараттық оқыту технологиясын
жолға қойған Қарақұдық орта мектебінде 1 мультимедия, 2 компьютер кабинеті және
5 интерактивті тақта қолданыста. Мектептегі 349 оқушы 45 компьютермен жұмыс
жасауда. Саралап оқытуды жолға қоя отырып, гимназия сыныптарын ашуға мүмкіндіктер
туды.
2014- 2015 жылдар Қарақұдық орта мектебін Төрехан Елгондиев, 2015-2018 жылдар аралығында Талшын Жұмабекова басшылық жасаса, 2018- 2019 оқу жылынан басшылықты Айгүл Ізбасарова жалғастыруда.
Соңғы жаңалықтар

Исламова Айзат МАД - “А” тобының жетекшісі 27.11.2022жыл күні “Ұлттық ойындар” тақырыбында тәрбие са ...
12 желтоқсан 2022__cddea0db0fcee8d1263df4e88ef25c1d.jpeg)
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алу ...
09 желтоқсан 2022__f9f5f9c4b3bb4a5ecd353ebc79c382fd.jpeg)
Қарашаның 28-і күні мектепішілік пәндер олипиадасы өткізілді. Аудандық кезеңге қатысатын оқушылар ...
08 желтоқсан 2022
"Еңбектің наны тәтті" тақырыбында желтоқсанның 6-сы күні тәрбие сағаты өткен болатын. Ұзақбаев Нұр ...
08 желтоқсан 2022__571ff4465645c66542b755f3fc6127de.jpeg)
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгенін ...
06 желтоқсан 2022Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz