Мектеп директоры

 Избасарова Айгул Доғдырбаевна Қарақұдық орта мектебінің бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі және директордың оқу ісінің орынбасары.Қазіргі таңда директордың уақытша міндетін атқарушы қызметін атқарады. Айгүл Доғдырбайқызы 1977 ж Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылында дүниеге келген.

Қарақұдық орта мектебінен білім алған Айгул 1994 ж. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университетінің араб тілі факультетінің түлегі атанды.

1998 ж. аталмыш оқу орнын жақсы бағамен аяқтап , 1998 жылы өзінің түлеп ұшқан алтын ұясы Қарақұдық орта мектебіне араб тілі маманы болып жұмысқа орналасты.

Өзінің ұйымдастыру қабілетімен көзге түскен Айгул 1999 жылы мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары болып қабылданды.

2012 жылдан бері директордың оқу-тәрбие ісі орынбасары қызметін атқарады.

Еңбек еткен алғашқы жылдарынан – ақ өз еңбегімен көзге түсті. Тынбай еңбектенуінің арқасында мектеп әкімшілігінің марапаттау қағазымен, Аудандық білім беру бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Оның дайындаған тәрбиелік шаралары аудан, облыс көлемінде жоғарғы бағаға ие болып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ Айгул дайындаған «Ұранымыз бейбітшілік, тілегіміз тыныштық» фестивалінде аудан көлемінде мектеп өнерпаздары бас жүлдемен оралып, облысқа жолдама алды. Денсаулық жылында ауылдың танымал дәрігері Е.Жақауовтың ізгі істері мен халыққа тигізген шарапаты туралы жазған « Ізгі жаннан із қалар» атты шығармасы облыстық баспа беттеріне жарияланып «Атамекен» слетінде жүлделі 2 орынға ие болды. Айгул көтерген игі істің нәтижесі ауылдағы емханаға Е. Жақауовтың тақтасы қойылып емхана мен ауылдың бір көшесіне аты берілді.

Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Мамық Құлшыбаева анамыздың қиын қыстау кезеңдеріндегі басынан кешкен оқиғалары туралы жазған «Тыл төсінде еңбек еткен ер Ана» және Ұлы Отан соғысыеың ардагері Еркінбаев Жаңбыршы Тұрғанбай ұлы туралы «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа- үлгі» тақырыбындағы шығармалары Атамекен слетінде жүлделі 2 орынмен оралып, облыстық баспа беттеріне жарияланды. Өзінің өмірін газеттен көрген тыл ардагері анамыз бен Ұлы Отан соғысы ардагері атамыздың қуанышында шек болмады. Сонымен қатар Айгулдің мектепішілік өткізген « Күзгі бал», Көгілдір от», Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Сиқырлы қазан», «Наурыз думан» сайыстары ,«Ынтымағы жарасқан ел» атты ұлттар достығы фестивалі, жанұялық «Толағай» эстафеталық ойыны, Қысқы Азияда олимпиадасының елімізде өткізілуіне орай өткізген « Шынықсаң шымыр боласың» атты акробатикалық жаттығулар байқауы жоғарғы дәрежеде бағаланып көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды нәрсе болса, бұл жолда ерінбей еңбек етіп шығармашылықпен жұмыс жүргізіп келе жатқан Айгул тәжірбиелі ұстаздардың бірі. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші мектептегі талантты оқушыларды жинақтап, оларды түрлі сайыстарға жыл басынан бастап тәрбиелеуді жолға қойған тәжірибелі ұстаз оқушыларына мәнерлеп оқыту, тақырыпқа сай өлең ұйқастарын құрату және ауызекі сөйлеу, жазбаша ойын еркін беруге үйрете отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді.

Мақсатты жұмыс қашанда жетістікке жетері белгілі. Бұл жолда тәрбиелеген оқушылары А.Асқарбаева «Ілияс оқулары» сайысында 2-орын, «Ел құтқарар ер едім» тақырыбындағы Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсына қатысқан Бақыт Қ.1 орын, «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»сайысында А.Жәкібай 1- орын «Көңілім әнді ұғады» конкурсына Қ. Нұров қатысып 3-орын алып қайтты. 2016ж аудандық «Жарқын болашақ» ІХ республикалық олимпиадасында «Сөз шеберлер »конкурсында Сабыров Қ 2-орын, аудандық «Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл »шығармалар байқауында Тұрлыманова Қымбат 3 орын, 2017 ж аудандық «Ақберен»байқауының «Көркем сөз»бағыты бойынша Сабыров Қожакелді 2 орын,2017ж »Әлем балалар көзімен» көрме-байқауының аудандық кезеңінде «Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім» номинациясы бойынша Сәуірбай Ақниет 3 орын,2017 ж«Әнші-бұлбұлдар»конкурсында Сансызбай А 2-орынмен марапатталды.

Ұстаз еңбегі істеген жарқын ісімен көрінері хақ. Білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиені оқушы бойына сіңіре отырып тентекті тізге салуда да жеткен жетістігін тізіп айта берсек А. Доғдырбаевнаның еңбегі өлшеусіз. Тәжірибелі ұстаз, майталман маманның атқарған ісі жас мамандар мен әріптестеріне үлгі, өзіне сабақ берген ұстаздары үшін мақтаныш.

Соңғы жаңалықтар

Ашық тәрбие сағаты.

Исламова Айзат МАД - “А” тобының жетекшісі 27.11.2022жыл күні “Ұлттық ойындар” тақырыбында тәрбие са ...

12 желтоқсан 2022
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Кәмелетке толмағандар  арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алу ...

09 желтоқсан 2022
Қарашаның 28-і күні мектепішілік пәндер олипиадасы өткізілді.

Қарашаның 28-і күні мектепішілік пәндер олипиадасы өткізілді. Аудандық кезеңге қатысатын оқушылар ...

08 желтоқсан 2022
"Еңбектің наны тәтті" тәрбие сағаты

"Еңбектің наны тәтті" тақырыбында желтоқсанның 6-сы күні тәрбие сағаты өткен болатын. Ұзақбаев Нұр ...

08 желтоқсан 2022
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгенін ...

06 желтоқсан 2022